Әдіскердің виртуалды күнделігі

     Он-жиырма күннің төңірегінде биылғы балалар жылына орай десек те болады, журналист Мұнайдар Балмолданың кезекті прозалық жинағы жарық көрді! "Адамның хикмет кеудесі" деген, яки Абай атамыздың сөзімен аталатын екі кітаптан тұратын жаңа еңбегі жеткіншектерден бастап жасөспірімдерге, жастарға және үлкендерге арналған дүние! Барлық буынды да қамтитын рухани дүниеге толы қос кітапта шағын әңгімелер мен әфсана-тәмсілдер жинақталған.