Әдіскердің виртуалды күнделігі

       Уақыттың талабы өміріміздегі көптеген дәстүрлі құндылықтардың маңызын қайта қарауға, түйткілді тұстарын пысықтауға итермелеуде.

     Қарқынды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында орын алып жатқан кітапхана ісінің заманауи дамуын оның жаңа талаптарға, өлшемдер мен нұсқауларға үнемі бейімделуінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жұмыстағы осындай қайта конфигурациялау мен түзетудің таптырмас құралы болып табылады.

     Бүгінгі таңда үлкенді-кішілі кітапханаларда жүргізілетін зерттеулердің ауқымы өте кең: олар кітапхана қызметінің барлық аспектілерін, кітапхана қызметінің барлық бөлімдерін пайдаланушыларға қызмет көрсету, кітапхана ісін дамыту, көпшілік іс-шаралар, кадрлармен жұмысты да қамтиды.

   Облыс кітапханаларының негізгі әдістемелік орталығы ретінде Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК алдында заман талабына сай кітапханалық қызмет деңгейін ұйымдастыра алатын кітапхана мамандарының жоғарғы кадрлық құрамын қалыптастыру өзекті.

    Кітапхананың қызмет көрсету сапасын көтеру, кітапхана мамандарын кәсіби шыңдау, кітапхана имиджін қалыптастыру мақсатында жүргізілген түрлі әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде кітап қорының пайдаланылуы, оқылуы, кітапхана жұмысын қалыптастыру жолдары, оқырмандар сұранысы, жалпы кітапхананың қоғамдағы орны анықталады. Осы мақсатта Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1992-2022 жылдар аралығында жүргізілген 50-ден астам әлеуметтік зерттеу жұмыстары беріліп отыр.

     1992 жылы «Қазақ тіліндегі әдебиеттердің толықтырылуы мен пайдаланылуы», 1993 жылы «Қазақстан экономикасы бойынша әдебиетті пайдалану қорын зерделеу», 1994 жылы «Оқу залындағы қорды пайдалануды зерттеу», «Мерзімді басылымдар оқылымы», 1995 жылы «БҚО кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттерді толықтыру мен пайдалану», 1996 жылы «Кітапханалар қызметтерінің қазіргі оқырман сұраныстарына сәйкестілігі», 1997 жылы «Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапханадағы мерзімдік басылымдарды оқу», 1998-1999 жылдары «Мамандардың және ақпараттық қызмет сферасының ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу» тақырыптарында әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілсе, 2000 жылы «Кітапхана оқырман көзімен», 2001 жылы кітапхананың мерзімдік басылымдар бөлімі «Қосалқы қордағы экономикалық әдебиеттерді пайдалану», 2003 жылы қала тұрғындарының өмірінде кітапхана мен оқудың рөлін анықтау мақсатында «Кітапхана және қалалықтар», 2004 жылы «2000-2003 жылдар аралығында шығарылған әдістемелік құралдар мен семинар-кеңестердің тиімділігін зерттеу», «Анықтамалық-библиографиялық аппарат: кітапхана шығарған библиографиялық құралдардың пайдалану тиімділігі»,  2005 жылы «Оқырман мен кітапханашы арасындағы мәдени қарым-қатынас. Кітапханадағы келіспеушілік»,  «Ақпараттық қызмет көрсетудің сапасын көтерудің негізі ретінде оқырмандардың мерзімді басылымдарға сұранымы», 2006 жылы «Кітапханадағы қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық», «Кітапхананы пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандырылмауына талдау», 2007 жылы «Құқықтық сипаттағы ақпараттық қорды пайдалану тиімділігі», «Оқырманның өміріндегі кітапхана мен кітап оқудың маңызы», 2008 жылы «Ауылшаруашылығы саласындағы қазақ тіліндегі әдебиеттердің пайдаланылуын оңтайландыру», «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітапхана мамандарының әлеуметтік портреті»,  2009 жылы облыстық кітапхананың абонемент жанындағы «Жанұя оқу орталығы» оқырмандары арасында «Бүгінгі отбасы не оқиды?», 2010 жылы «Дәстүрлі және электронды каталогтардың қажеттілігі» 2011 жылы «Қазіргі ауыл жастарының кітап оқу деңгейі», 2012 жылы «Кітап оқу-рухани құндылық негізі», «Кітапханашының кәсіби біліктілігі мен ақпараттық мәдениеті», 2013 жылы «Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері», «Кітапхананың кадрлық әлеуеті», 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында «Қазақстандағы жалпыға қолжетілімді кітапханалардағы жас кадрлар әлеуеті»,  «Облыс кітапханаларындағы қызметкерлердің жұмысқа қанағаттанушылығы», «Мәдениет саласында тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттанушылық деңгейі», «Оқудың негізгі үрдісі», «Кітап және ғаламтор», «Кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету сапасының қанағаттандырылу деңгейі», «Бөлімнің құжат қоры: оқырман сұранысына сай келуі», «Кітапхана қызметінің сапасы мен қолжетімдігі» тақырыптарында әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 Әлеуметтік зерттеу жұмысының толық нұсқасына сілтеме

  «Облыстық кітапхана тәуелсіздік жылдарында» ақпараттық жинақтың 38-46 беттерінде.

 Құрметті әріптестер, кітапханаларыңызда жүзеге асырылған әлеуметтік зерттеу жұмыстарыңыз жөнінде  өз іс-тәжірибеңіз бөлісе отырайық.