Әдіскердің виртуалды күнделігі

әлеуметтік сауалнамалық зерттеу қорытындысы

       Сауалнама облыс кітапханаларының жұмысында заманауи талаптарға жауап беретін кітапханашылардың кәсіби қызметінің деңгейін зерделеу, кітапхана мамандарының құзыреттілігінің негізгі моделін анықтау мақсатында жүргізілді.

     Зерттеу жұмысы арқылы кітапханашы мамандардың кәсіби  білім, біліктілік, дағдыларын іс жүзінде дұрыс, тиімді пайдалануын,  кәсіби қызметіне деген көзқарастарын, құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту деңгейлері анықталды.

     Зерттеу нәтижесі бойынша келесі деректер алынды. Зерттеуге лауазымдық міндеттері бойынша: 248 кітапханашы, 28 бөлім жетекшісі, 12 әдіскер, 10 библиограф, 33 кітапхана меңгерушісі,  6 қатысушы лауазымдық міндетін көрсетпеген және 1кітапхана директоры, барлығы  338 кітапхана мамандары қатысты.

     Қатысқан респонденттердің 43,5%  15 жылдан жоғары, 18,6% 10 жылдан астам, 13%-ының  5 жылдан жоғары, 8,6% 5 жылға дейін, 15,4%-ының 3 жылға дейін кітапхана мамандығы бойынша жұмыс өтілдері бар.

Сауалнамаға қатысушылардың дені жоғары кәсіби білімді мамандар, олар 59,1% -ды құрайды,  28% - ында орта кәсіби кітапханалық білімдері бар, орта кәсіби кітапханалық емес мамандар 5,3%, жоғары кітапханалық емес мамандар 7,4%-ды құрайды.

Кітапханашы мамандығын таңдауыңыздың себебі?

Респонденттердің 68,6%- ы кітапхана кәсібіне өз қалауларымен келген. Кездейсоқ, туыстарының, достарының кеңесі бойынша немесе отбасылық дәстүрге сәйкес келген қалған пайызды құрайтын мамандар үшін де қазіргі кезде кітапхана өзін тұлға және кәсіби маман ретінде жүзеге асыратын орынға айналған.

Сіз үшін кітапханадағы жұмыс несімен қызықтырады? деген сауалға 55%-ы «адамдармен қарым-қатынас жасау», 47,6% «ұжымдағы жағымды психологиялық микроклимат» деп тұжырымдайды.

Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың болуы

39

11,5%

шығармашылық және кәсіби өсу мүмкіндігі

110

33%

қызықты іспен айналысу мүмкіндігі

106

31

өзінің зияткерлік әлеуетін іске асыру мүмкіндігі

15

4,4

адамдармен қарым-қатынас жасау

187

55

ақпаратқа еркін қол жеткізу

113

33

жаңа технологияларды белсенді енгізу

16

4,7

көпшілік жұмыс (көпшілік іс-шаралар өткізу)

116

34,3

ұжымдағы жағымды психологиялық микроклимат

161

47,6

басқа -1 (кітап оқуға деген құштарлық), 1-қызықты іс-сапарлардың болуы

2

 

Кітапханашы мамандығын таңдауға кедергі келтіретін қандай себептер бар? деген сұраққа 31%-ы кітапхананың материалдық-техникалық базасының төмен болуы, 30,4%-ы жалақысы аз болуы, 24; 7%-ы әлеуметтік кепілдіктердің болмауы (немесе жеңілдіктердің қарастырылмауы) деп есептейді. Ал 7,4% мамандықты таңдауға ешқандай кедергі жоқ деп санайды.

Сізді тиімді жұмыс істеуге не ынталандырады? деген сұраққа ең көп жауап 42% «қызығушылық, шығармашылық»,  десе, 37,5% «құрмет пен сыйластықтың болуы»  екенін айтқан.

Кітапханашының негізгі іскерлік қасиеттері қандай деп ойлайсыз? сұрағына көп дауыс алған жауаптар «жауапкершілік және адалдық» деп 34,3% (116), «жұмысқа шығармашылық көзқарас (креативтілік)» -деп 32,5% (110) адам белгілеген.

          Өзіңіздің әлеуметтік кәсіби жетілу дәрежеңізді бағалаңыз: (9-сұрақ)

        Жауаптарды талдау барысында 166 кітапханашы, 53% -ы  өзімді әлеуметтік және кәсіби жетілген маман ретінде сезінемін десе, 110-ы, яғни 35% -ы  өздерінің әлеуметтік және кәсіби жетілуін бағалаулары қиынға соғатындықтарын,  11% маман өздерінің  әлеуметтік және кәсіби жетілмегендіктерін сезінетіндіктері байқалды.  

         «Жұмысыңыздың 3 ең мықты тұсын атаңыз» сұрағына респонденттердің 30% - ы өздерінің күшті және әлсіз жақтарын атай алмаған не жауап беруді жөн көрмеген. Ең жиі кездескен жауаптар легі мынадай:

Креативтілік, жауапкершілік, қабілеттілік, сауаттылық, пунктуалдылық,  жаңа бастамаларды іздеп табамын, үнемі ізденісте жүремін,  шығармашылықпен айналысу мүмкіндігім, белсендімін, әлеуметтік желілерде белсендімін, жаңа  технологияны жетік меңгеруім, оқырмандармен оңай қарым-қатынас жасауым, бастаған істі аяғына жеткізуім, АБА (анықтамалық-библиографиялық аппаратпен) жұмыс, шығармашылық бағытта дамуым, көпшілік-ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, медиакеңістікте жұмыс істеу, шаралардың сценарийлерін құру, кітап қорымен жұмыс, үйірме жұмыстарын жүргізу, күнделік толтыру, мәдени іс-шара ұйымдастыру, көпшілік алдында еркін сөйлеу, балалармен жұмыс жасауым, жобамен жұмыс жасауым, облыстық байқаулардағы жетістіктерім, креативті жұмыстар ұсынамын, компьютерде еркін жұмыс жасаймын, мәліметтер базасымен жұмыс жасай алуым,  білікті маманмын, шебер ұйымдастырушымын, барлық мекемелермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, БАҚ-пен жұмыс.

 Жұмысыңыздың 3 осал тұсын атаңыз.

Ғимараттың ескілігі, арнайы ғимараттың болмауы.  Заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндіктің болмауы. Ұмытшақтық, асығыстық. Каталог, картотекалармен жұмыс жасау жағы. Әлеуметтік желілермен жұмыс жасауға қиналамын. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс. Креативті идеялардың жоқтығы. Кітапхананың материалдық-техникалық базасының төмен болуы. Құжаттарды каталогтау. Мобилографиялық білімнің жоқтығы. Библиографиялық жұмыс. Уақыттың жетіспеушілігі. Интернет желісінің нашарлығы. Құжат толтыру. Бейнероликтерді құрастыруды білмеуім. Жаңа технологияны игеру. Көрмелерім көңіліме толмайды. Көпшілік алдына шығып сөйлеуім. Компьютерді дұрыс білмеу. Оқырмандардың сирек келуі. Акт жасау. Кітапхана демеушілерінің болмауы. Жеке жобаларды жасауға уақыттын аздығы, өзге тілде мәліметтер жазу. Креативті ойлау. Рабиспен жұмыс істеу. Мерзімді басылымдардың уақытылы келмеуі. Кітапханалық тренингтерге көп қатыспауым. Біліктілікті арттыру мүмкіндігі жоқтығы. Ақпараттық технология. Қолдау жоқ, бағаламау. Жалқаулық. Сөздік қорымның аз болуы.

12.Өзіңізді қызметкерлердің қай санатына жатқызасыз?  

Сіз өзіңіздің кітапханаңызды инновациялық бағытта және одан әрі өзгеруге дайын деп санайсыз ба? сауалына респонденттердің 76% - иә, 8,6% - жоқ, 48% - жауап беруге қиналамын  деген.               

   «Сіздің ойыңызша, кітапханаларда инновацияның дамуына қандай факторлар ықпал етеді» сауалына 32 %-ы кітапхана басшысының инновациялық белсенділігі, 29,3 % кітапханашылардың өзгерістерге психологиялық және кәсіби дайындығы,  қызметкерлер бірлігі, өзгерістер жағдайында жұмысқа қосымша дайындығының болуы,  22,5% -ы пайдаланушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, даму мүмкіндіктері, кітапхана жұмысындағы қайшылықтарды зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру қажет деп санайды.        

 «Жаңашылдықтарды енгізу сіздің ұжымдағы психологиялық ахуалға әсер етті деп ойлайсыз ба?»

* иә -147;                                                                                           43,5%

* жоқ -185;                                                                                         54,7%

* Егер " иә " болса, онда қай бағытта:

* үздік, кітапхана қызметкерлерінің бірігуіне ықпал етті -60;   17,8%

* нашар жағдайда, бөлінуге, қақтығыстардың пайда болуына ықпал етті-2

Кітапханадағы қандай іс-шараларды ұйымдастыру сіз үшін қиынға соғады? сұрағына 22% қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеп, құжаттарды әзірлеуге,  16%-ы медиақұрылымда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге қиналады екен.

        Сіз кәсіби басылымдарды оқисыз ба? деген сұраққа өкінішке орай, сирек оқитындар 49,7% басымдық көрсетті, сәл аздау көрсеткіш 47,6% маман тұрақты түрде оқиды екен.

Өзіңізді қай салада біліктілікті арттыру қажет деп ойлайсыз? деген сұраққа 60% жауап беруші «жаңа ақпараттық технологияларды игеру» десе, 22%-ы жобаларды, бағдарламаларды әзірлеу, 21%-ы инновациялық қызметті оқыту деп түсінеді.

 Біліктілікті арттырудың қандай нысандары өзіңіз үшін қолайлы деп ойлайсыз? Кітапханашылар біліктілікті арттырудың тиімді формалары деп біліктілікті арттыру курстары (232; 68,6%), оқыту семинарлары (129; 38,2%), тренингтер (82; 24,2%), іскерлік ойындар (29; 8,6%) және басқа кітапханалардағы тағылымдамаларды (45; 13,3%) санайды.

Сауалнама барысында анықталған тағы бір мәселе – кітапхана мамандарының өздігінен білім алуға құлықсыздығы: өздігінен білім алуды

тек 25 адам 7,4% - ы кәсіби құзыреттерді алудың қолайлы нысаны ретінде атап өтті.

Кітапханашыларға Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан қандай ақпараттық және басқа да қолдау түрлерін алғыңыз келеді? деген сұрақ ұсынылған болатын. Алынған жауаптарда   «Ғаламтор желісін толықтай заман талаптарына сәйкестендіріп ауыл мен қала арасындағы алшақтықтарды барынша жоя отырып, кез келген аудандық, облыстық деңгейдегі өтетін шараларды, ақпараттарды тікелей онлайын түрінде қатысып, тамашалау, тәжірибелер алу». «Слайд, презентацияларды заманауи және жаңашылдық бағытта жасайтын курс өткізсе», «Кітапхана қызметінде сапа менеджменті жүйесін, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу», «Жаңашыл бағытта бейнематериалдар дайындау курстары, креативті шара түрлері және оларды ұйымдастыру», «Бейнероликтер құрастыруды үйретін сабақтар», «Жас кітапханашыларға семинарлар», «Ақпараттық-әдістемелік құралдар, кәсіби-әдістемелік нұсқаулықтар»,  «Библиография бойынша және жаңа ақпараттық технологияларды игеруге арналған курстар», «Ауылдық кітапханашылардың облыс көлеміндегі семинарларға қатысу мүмкіндігі қарастырылса», «ауыл кітапханашыларына түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіліп, тәжірибе алмасса», «Кітап қорын зерттеу бағытында үлгі-нұсқаулық»,  «Құжаттарды есепке алу» нұсқаулығы, «Бөлімдерден тағылымдамадан өту, жұмыстың жаңа түрлері туралы семинарларға, курстарға қатысуға шақырса» деген ұсыныстары мен «Барлық беріліп жатырған ақпаратқа қанағаттанамын, сол үшін РАХМЕТ» деген тілектерін де жеткізген.

Қатысқан респонденттердің көпшілігі 51,2% орта жастағылар (36-55 жас),  56 жас және одан жоғары -59; 17,4%, 31-35 жас -41; 12,1%, 26-30 жас -32; 9,5%, 25 жасқа дейін -30; 8,9% .

 

Қорыта келгенде, зерттеу нәтижесінде кітапханашылардың жалпылама портреті құрылды.

Кітапханашы мамандығының қоғамдағы беделінің төмендігін,  жалақының аздығын және әлеуметтік кепілдіктердің болмауын, кітапхананың әлсіз материалды-техникалық базасының төмендігін атап көрсетсе де, кітапхана қызметкерлері өз мамандықтарын мақтан тұтып, қызметтеріне жауапкершілікпен және адалдықпен қарайтындықтары, білім, мәдениет және ақпарат саласындағы қоғамдық игілік мұраттарына қызмет ету мүмкіндігі үшін өз жұмысын жақсы көретіндіктері байқалды. Сонымен қатар, кітапхана мамандығы (82%) респондентке қанағаттанушылық әкелетінін және мамандардың көпшілігі (69,2%-ы) жұмыс орнын ауыстыруды жоспарламайтындығын көрсетті.  

Сауалнамаға қатысушылардың  тоқсан пайызға жуығы кәсіби мамандар екені, олар өздерінің шығармашылықтарын жүзеге асыра отырып, жұмысқа деген ынталарын арттырып отыратындықтары анықталды.

Зерттеу барысында кітапханашылар біліктілікті арттырудың тиімді формалары деп біліктілікті арттыру курстары, оқыту семинарлары, тренингтер, іскерлік ойындар және басқа кітапханалардағы тағылымдамаларды санайтындығы, және жаңашылдық бағытта жасайтын курстардың өткізілгенін қалайтындықтары анықталды.

     Зерттеу көрсетіп бергендей, кітапханашы мамандардың шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастырып,  дамыту, тиімді пайдалана алуларын арттыру үшін төмендегі ұсыныстарды жүзеге асыру керек:

  • медиакеңістікте жұмыс істеу, жаңашыл бағытта бейнероликтер құрастыруды үйрететін мобилографиялық сабақтар, оқыту курстарын ұйымдастыру;
  • креативті шара түрлері және оларды ұйымдастыру бойынша тренингтер өткізу;
  • жас кітапханашыларға облыстық кітапхананың бөлімдерінен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
  • ауылдық кітапханашылардың облыс көлеміндегі семинарларға қатысу мүмкіндігін қарастыру;
  • «Кітап қорын зерттеу», «Құжаттарды есепке алу», «Библиография және ақпараттық жұмыс» бойынша ақпараттық-әдістемелік құралдар, кәсіби-әдістемелік нұсқаулықтарды шығарып тарату.

Алдағы уақытта кітапхана мамандары болашаққа деген шынайы сенім мен өз мамандығына ізет-құрметпен қарап, маман ретінде өздеріне  жүктелген үмітті ақтайды деп сенім білдіреміз.