Әдіскердің виртуалды күнделігі

  2024 жылдың 22 қазанында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «24 қазан – Кітапханашы күні» мерекесіне орай «Кітапхана – парасат ордасы» атты салтанатты шара өтті. Мерекеге орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының бірқатар қызметкерлерін Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттады.
 
◊ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Бөрлі аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты Қарағанды ауылдық кітапханасының меңгерушісі
     Есентаева Гүлжаухар Құтжанқызы;
◊ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскері Арстанова Құралай Темірболатқызы және Тасқала аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мусина Елена Валентиновна;
◊ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен Орал қалалық кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Адаялиева Жанар Тасқалиқызы    марапатталды.
 
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!laughing