Кітапханашы қоржынына
Уақыттың талабы өміріміздегі көптеген дәстүрлі құндылықтардың маңызын қайта қарауға, түйткілді тұстарын пысықтауға итермелеуде.
Қарқынды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында орын алып жатқан кітапхана ісінің заманауи дамуын оның жаңа талаптарға, өлшемдер мен нұсқауларға үнемі бейімделуінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жұмыстағы осындай қайта конфигурациялау мен түзетудің таптырмас құралы болып табылады.
- Просмотров: 54
Жеке бренд тек блогерге немесе саясатқа ғана қажет емес. Кез келген мамандық иесі сұранысқа ие маман болу үшін өзінің жеке брендін қалыптастыра алады.
Жеке бренд - сіздің беделіңіз, ол сіздің кәсіби қызметіңізбен тығыз байланысты. Жеке брендтің басты мақсаты-адамдарға әсер ету.
Кітапханашыға жеке бренд қажет пе? Кітапханашының жеке брендін қалыптастыруды неден бастау керек?
Өзінің жеке бренді бар кітапханашы адамдардың мінез-құлқына әсер етіп, дүниетанымы мен қалауларын өзгерте алады.
- Просмотров: 54
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерді анықтау, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру «Кітапханалық қызмет көрсету- кешенді үрдіс» атты biblio-teach-in (семинар-тренинг) өтті. Семинар-тренингке келген Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары алдымен кітапханаға саяхат жасап, «Кітапхананы дамытудың қазіргі заманғы бағыт-бағдары» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Семинар-тренинг аясында «Кітапханалық блогтар – кәсіби қарым-қатынас алаңы» тақырыбында workshop өткізілді. Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Арстанова Құралай Темірболатқызы workshop-қа қатысушы мамандарға сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша «Блог» туралы жалпы түсінік беріп, кітапханалық блогты құрудың қадамдарын үйретті. Ақпараттық–библиографиялық бөлімнің маманы Дәулекенова Айнаш Өтешқалиқызы «Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету: толық мәтінді библиографиялық жазба (ГОСТ) 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Тақырыпша құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары, деректер базасынан мәліметтер енгізу» тақырыбын таныстырды.
Облыс кітапханашылары семинар-тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ойларымен бөлісіп, іс-тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салып, белсенділік танытты.
- Просмотров: 53
Біздер, яғни әдіскер-мамандар өзіміздің қызметімізді, ең бірінші кітапханашының серіктесі, көмекшісі ретінде қарастырамыз. Әріптестерімізге цифрлы кітапхана әлемінде жаңа білім алуға, бар шеберліктерін одан әрі дамытуға, шыңдауға және жұмыстарында сол тәжірибелерін сенімді пайдаланып, қолдануға көмектесуге тырысамыз. Мамандармен еркін түрде, өзіміздің қызықты диалогқа шақыра отырып, кітапханалық тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз. Әр өтетін семинарлар қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтуін және оған әр қатысушының жәй ғана тыңдаушы емес, семинар жұмысына тікелей белсенді қатысушы болуы үшін жұмыстанамыз. Осындай кітапханамызда өткізілген семинарлар, конференциялар, акциялар, фестивальдер немесе барлық іс-шараларымыз туралы ақпараттарды алу үшін кітапхананың 150 жылдығына арналып жазылған «Облыстық кітапхана тәуелсіздік жылдарында» тақырыбындағы жинақты ұсынамыз.Сіздер соңғы рет семинар немесе конференцияны қашан және қандай тақырыпта өткіздіңіздер? Семинарды ұйымдастырубарысында қандай қиындықтар кездесті?
- Просмотров: 49
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімі "Кітапханалық маман: құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту" тақырыбындағы әлеуметтік сауалнамаға қатысуды ұсынады.
Кітапханашының кәсіби санасына өзінің кәсіби қызметіне қатысты өзіндік ұстанымын айқындайтын нормалар, саналы және санасыз көзқарастар, түсініктер жүйесі кіреді. Бұл рухани мәдениеттің құбылысы, өз кәсібінің мағынасын іздеу, маманның әлеуметтік және кәсіби жетілуінің көрсеткіші.
Сауалнаманы толтырған кезде оған кіретін сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз және қойылған сұраққа сіздің пікіріңізге сәйкес келетін жауап нұсқасын кез келген белгімен белгілеңіз. Егер сауалнамаға қажетті жауап нұсқасы кірмесе, оны өзіңіз тұжырымдап, сауалнамаға енгізуді сұраймыз.
Сауалнама нәтижесін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электорнды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
- Просмотров: 60
Білімнің сақтаушысы...Ұстаз....Шабыттандырушы...Әртіс....
- Просмотров: 59